Мектеп тарихы

Мектептің толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі» КММ

 

Қазіргі Жарсу ауылында 1928 жылы І- ІІ басқыш мектеп ашылды. Оқытуға Сыдық Оразбайұлы Сармантаев жіберілді. 1929 жылы бастауыш мектепке айналды. Мектеп меңгерушісі Ақбасов Төлеген, кейін Шашманов Кәрім болды. Бахи Мусина, Мазақов Құсайын, Бітімбаев Жақып сабақ берді. 1929 жылы мектепке Коммунистік Партиянын Баспасөз органы «Правда» газеті аты берілді. 1937-1938 жылы Жарсу ауылының «Правда» бастауыш мектебі жеті жылдық мектеп болып құрылды. 1976 жылы Жарсуда жаңа мектеп ашылды. Ол орталау мектеп болып 1990 жылғы жер сілкінісіне дейін сақталды. Халык депутаттары Жарсу ауылдық кеңесінің шешімімен «Правда» орталау мектебін «Жарсу орта мектебі» деп атауға шешім шығарылды. 1993 жылдың 7 тамызында Шығыс Қазақстан ономистикалық комиссиясы «Жарсу орта мектебі» атын бекітті. Қазіргі мектеп ғимараты 1999 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ауданы — 581,6 шаршы метр, көлемі — 3016 текше метр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *